Қазақстан • 11 Мамыр, 2018

«Қаражанбас» мұнайшылары елге 50 миллион тонна мұнай тапсырды

1405 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны – «Қаражанбасмұнай» АҚ биылғы жылы кен орнын игере бастағанына 38 жыл толуын атап өтеді.

«Қаражанбас» мұнайшылары елге 50 миллион тонна мұнай тапсырды

«Қаражанбасмұнай» АҚ-тың алғаш құрылған кезеңінен бастап бүгінге дейіні тұтас бір тарих. Осы жылдар ішінде компания Батыс Қазақстандағы Ақтау қаласынан 230 шақырым жердегі Бозащы ойысымының солтүстік-батыс шетінде орналасқан «Қаражанбас» кен орнында мұнай өндіріп келеді. Мұнда алғаш рет қара алтын 1974 жылдың 24 қаңтарында өндірілді. Геологиялық барлаушылардың, бұрғылаушылардың, өнеркәсіп құрылысшылары мен мамандарының үйлесімді жұмыстарының нәтижесінде кен орнында мұнайдың алғашқы тонналары өндіріле бастады. Бүгінде «Қаражанбасмұнай» АҚ еліміздегі стратегиялық тұрғыда маңызы зор компания саналады. Кәсіпорын өзінің миллион тона мұнайын алғаш рет 1984 жылы өндіріп алды. 

Мекеме ұжымы осы жылдар аралығында мұнай өндіру қар­қынын арттыра отырып, Қазақ­стан экономикасының даму­ына қомақты үлесін қосты. Тек жа­быс­қақтығы жоғары ғана емес, сонымен бірге сулану құрамы жоғары мұнай қорларын әзірлеу және пайдалану бойынша күрделі міндеттерді жүзеге сәтті асырды. Сауатты ұйымдастырушылық қа­бі­лет пен білікті мамандар, сон­дай-ақ қазіргі заманның озық тех­нологиясын пайдалану мен серік­тестермен жақсы қарым-қатынас қа­лыптастырудың арқасында мұнай өндіру ісі қарқынды дамып келеді. Кәсіпорынның жұ­мы­сы жүйелі түрде жолға қойы­лып, швейцар сағаты сияқты үз­дік­сіз жүріп отыр. Геологтар мен қайта өндірушілер, шеберлер мен технологтар, ауысым басшылары мен оператор­лар өз жұмыстарын сауатты жүр­­гізіп, жұмыс барысының жау­ап­кер­ші­лігін жақсы сезінді. Ком­пания жұ­мысшылары қара алтын­ның құнын біліп, біздің еліміз бен халқымыз үшін маңызды еке­нін жақсы түсінеді. Бүгінгі күні еңбек ұжымы алға қойған мін­дет­­терді кезең-кезеңімен жүзеге асы­рып келе жатыр. Біртұтас ұжым ортақ идеямен өмір сүреді, өз тағдырларын соған  арнаған, күнбе-күн ұңғыма жұмыстарына жана­шырлықпен қарайды.

Ақпараттық-технологиялық қол­дау орталығындғы кен орнын орналастыру картасында «Қара­жан­бас» кен орнының бар­лық инфра­құрылымы ала­қан­дағыдай көрінеді. Ұңғыма көше­ті, мұнай әзірлеу және өңдеу қо­н­дыр­ғылары, резервуарлар, жылыту пештері, сепараторлар, өзара бірнеше шақырым бойымен жал­ғасқан түрлі мақсаттағы іш­кі өнеркәсіп құбырлары. Мұ­най дайындау және айдау цехы да  бар­лық технологиялық жаб­дық­тар­дың жұмысы көрінеді, «жанды шкала» құрамында мұнай бар сұйықтық тығыздығының, тем­пературасының, қозғалыс жыл­дамдығының және мұнай ре­зе­рвуарларының толуының сәл-пәл өзгерісін өте сергек се­зі­не­ді. Бірақ барлығының наза­ры «Қа­ра­жанбас» кен орнынан мұ­най дай­ындау және айдау цехы­на ке­летін «қара алтынның» әр­бір тоннасын жүйелі өлшеп оты­ра­тын «есептегішке» ауд­а­рыл­ған. Елу миллион тонна мұ­най өндірілді. Кәсіпорын ұжы­мы күт­кен оқиға болды. Бұл кәсіп­орын ұжымының көптен күткен жаңалығы болып отыр.

«Мұнай өндірісі – іркілісті кө­термейтін үрдіс. Бірнеше ми­нут­­тар арасында өндірілген 50 ми­ллионға мұнайдың кезекті тон­налары қосылды. Жаңа шың­­дарға апаратын жол есебі бас­­талды және уақыт өте келе «Қара­жан­бас» кен орны тарихында жаңа же­ңістер жазылатын болады. Ал бұл дегеніңіз – біздің алдымызда, ең кемі үш ондық жемісті ең­бек жылы және тағы бір «мерей­тойлық» мұнай тоннасы кү­тіп тұр деген сөз. Сонымен бірге қазіргі кү­ні кәсіпорында зор тәжірибе жи­нақталған, біздің жоғары бі­лік­ті керемет ұжымымыз бар, кәсіпорынның барлық кезең­де­рінде – мұнай өндіруден дай­ын­дау­ға және тасымалдауға дейінгі жұмыстардың барлық ретін қам­та­масыз етуге мүмкіндік беретін бар­лық қажетті өндірістік ин­фра­құрылым бар», дейді «Қаражанбасмұнай» АҚ Геология және игеру департаменті игеру бө­лімінің басшысы Владимир Турков.

50 миллион тонна мұнай – бұл ондаған еңбек жылдары, кәсіпорынға өзін арнаған адам­дар­дың тағдыры және жалпы идея­мен өмір сүретін біртұтас ұжымды қамтитын өте айтарлықтай сан және айрықша оқиға. Қол жет­кізген табыс – сөзсіз, аралық: тағы бір маңызды іс атқарылды, тағы бір биік бағын­дырылды. Осы жыл­дар ара­­лығында көптеген жарқын есте­­ліктер қалды, оны ұмытуға бол­майды. Сосын сол кезде бас­талған істің жалғасып ке­ле жат­қанын, дамып жатқанын жә­не жаңа сапаға шыққанын кө­ру қуа­нышты. Осылай деген «Қара­жан­басмұнай» АҚ бас гео­логы Гүл­зира Сатанова кәсіп­орын­ның ар­дагер жұмыс­шы­ла­рына алғыс білдіруді өзінің па­рызы санайды.

«Қаражанбас» кен орнындағы бол­жанған қор бойынша мұнай өнді­рудің коммерциялық келе­шегі ондаған жылдарға жете­ті­н­ін отандық ғалымдар ғана емес, сонымен қатар жыл сай­ын халықаралық тәуелсіз ауди­тор­­лық компаниялардың тара­пынан да ба­ғаланып отыр. Десе де мен «Қа­ра­жанбас» кен ор­нындағы жер қа­баты тағы көп­теген зерттелмеген құпия­лар­ға толы, ашылмаған ре­сур­с­тар бар екеніне сенімдімін. «Қара­жан­бас­тағы» кен орнында 6000-8000 метр тереңдікті барлау мен зерттеуді болашақта жүзеге асы­ру жоспарларланып отыр. «Қаражанбасмұнай» АҚ-тың барлық ардагерлері мен ұжымын жарты миллион тонна мұнай өндіруімен құттықтай отырып, ком­панияға жақын болашақта ал­ғашқы жүз миллион тонна мұ­най өндіруін, жер қойнауының жа­ңа келешектерін ашуын және одан кейінгі кезде өндірілетін мұ­найды миллиард баррельдермен есептеуін тілеймін», дейді «Қа­ражанбасмұнай» АҚ бас геологы Гүлзира Сатанова.

«Қаражанбасмұнай» АҚ-тың стратегиялық дамуында алда­ғы он жылдықта 6 мың метр тереңдіктегі геологиялық бар­лау жұмыстарын жүргізуге рұқ­сат алуға қол жеткізу жос­парланған. Осы мақсатта ком­пания «Қаражанбас-теңіз» теңіз құрылымдарын алып, онда жұмыс жүргізуді көздейді. Бү­гінде осы мәселені жүзеге асы­ру жұ­мыстары қолға алынып, нә­ти­желі болған жағдайда кәсіп­орын­ға білікті мамандар қ­ажет болады. Оларды кәсіпорынға тарту шараларын қазірден бастап іске асыру жоспарланған.

«Есеп бойынша «Қаражанбас» кен орнында игерілуі тиіс 97 миллион тонна мұнай өні­мі­нің бүгінгі таңда жартысы­нан ас­тамын «Қаражанбас» мұнай­шы­ла­ры игеріп, елімізге табыс­та­ды. Кен орнының тарихын қа­лыптастыруға, көптеген қиын­шы­­лықтарды жеңіп, сонымен қа­тар жақсы жетістіктеріне қол жеткізуге зейнеткерлікке шық­қан аға-апаларымыз бен олар­дың жолын жалғастырушы бі­лік­ті мұнайшылар мен жас маман­дар­дың қосқан үлесі зор. Осы азаматтар компаниямыздың өркендеп өсуіне өздерінің ерен еңбектерін аямай қосуының нәтижесінде бүгінгі жетістікке жетіп отырмыз. Біздің осындай ынтымағы мен бірлігі жарасқан, табысты кеніште еңбек етуімізге аптап ыс­тыққа, боран-суыққа қарамай өзде­рінің қажырлы еңбектерімен жол ашқан аға буын өкілдерінің ең­бегін ерекше ықыласпен еске алып, зор ризашылығымды біл­ді­ремін. Қазіргі уақытта еңбек етіп жүрген «Қаражанбасмұнай» ком­­паниялар тобының жұмыс­кер­­леріне, ардақты ағаларымыз мен апаларымыз еңбек еткен жы­лы ұямызды одан әрі өр­кен­детіп, келешек жас буын­ға абы­роймен табыстауға жет­кіз­сін дегім келеді», дейді «Қара­жан­басмұнай» АҚ-тың Өндіріс директоры Оңғар Қабылов.
Қазақстандық мұнай сек­тор­­ла­рына бұл күнде кен орын­да­рын тиімді пайдалану мен та­­быс­ты­лығын көтеру мәсе­лесі өзек­­ті бо­лып отыр. Сондық­тан «Қа­­ра­­жанбасмұнай» АҚ-тың ор­та мер­зімді бинзес стра­те­гия­сы­ өн­ді­рілген мұнай көле­мін­ бір­тін­деп арт­тыруды басты ба­ғыт­та­рының бірі етіп отыр.
«Мұнай компаниясының жет­іс-

тігі екі нәрседен – компанияның өзінің ішкі мүмкіндіктерінен және күрделі саяси процестерге, гео­саясатқа тәуелді нарықтық конъ­ю­нктурадан құралады. Қа­ра­­жанбасмұнайдың міндеті – отан­­дық экономиканың мүддесі үшін қолда бар әлеуетті мейлінше пай­далану, ішкі мүмкіндіктерді да­мыту және қолданыстағы ре­су­р­с­тарды бәсекелестік ба­сым­ды­­лыққа шығару. Және бұл мін­­дет, өндірістің негізгі өсі­мі қазіргі күні компанияның құ­­­р­а­­­мындағы адам капиталы – «Қаражанбасмұнай» АҚ қыз­мет­­шілерімен, яғни біздің бі­лік­­ті геологтармен, технолог­тар­­­мен, инженерлермен, бас­қа ба­­ғыттағы мамандармен тіке­лей бай­­ланысты», дейді «Қара­жан­бас­­мұнай» АҚ Өндіріс жөніндегі ви­це-президенті Нұржан Әбдірах­манов.

Компанияның алдағы жос­парларында сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселесі де тұр. Бұл бағытта кәсіпорын жыл сай­ын өндіріске экологиялық залалды азайтатын жаңа про­грес­сивті технологияларды енгі­зіп келеді. Компанияда сон­дай-ақ экологиялық қауіпсіздік пен өндірістік басқару жүйелерін сәтті жүзеге асыру ісі де қолға алынған.

«Қырық жылға жуық уақыт бойы кен орнымен бірге тыныс­тап, өндірістің өрге басуына қажы­рлы еңбегі мен өмірін арна­ған азаматтардың табанды ең­бек­тері бүгінде жемісін беріп отыр. Геолог, шебер, оператор, жөн­деуші, жүргізуші сынды мұ­най өндірісіндегі жандардың қол жеткізген 50 миллион тонна өні­­мінде маңдай тері мен білек кү­ші жатыр. Біз үнемі компания­да мамандардың біліктілігі мен олар­дың атқаратын жұмысына ба­са мән береміз. Көңілдеріңіздің тоқ болып, жұмысқа деген ынта­ла­рыңыздың жоғары болуы аса маңызды. Қатарымызды толық­тырып келе жатқан жас­тардың білікті маман ретінде қалыпт­а­суын назарда ұстап келеміз. Мұ­най өнеркәсібі – үздіксіз ең­бекті қажет ететін жұмыс. «Қа­ра­­жанбас» компаниялар тобына кіретін «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС, «АрғымақТрансСервис» ЖШС, «Технологиялық көлік және ұңғыларға қызмет көрсету бас­қа­рмасы» ЖШС еңбек ұжым­дарының үлкен отбасы ретінде мұ­­най өндіруші алпауыт ком­па­нияға айналды. 50 миллион тонна. Ауыз толтырып айтуға бо­ларлық бұл көрсеткіш әрбір қа­ражанбастықтың көкейінде мақ­таныш сезімін тудырады. Маңызды іс компанияның ба­ғындырған бір биік белесі», дейді «Қаражанбасмұнай» АҚ-тың президенті Ли Тецян.

Ли Тецян мырза сонымен қа­тар жетістікке жетудің негіз­гі шарттары ретінде жоға­ры тә­­жірибелі мамандар мен ұй­ым­­­шыл ұжымның өндірістегі ти­ім­ділігі екенін айтады. Ал ак­ци­онерлік қоғамның сервистік қыз­мет көрсететін еншілес құры­лым­дарын қосқанда жұмыс­шы­лардың саны 7 мыңды құрайды. Кәсіпорынның серіктестері қатарында арнайы киімдермен, қажетті құрал-жабдықтармен, қор­ғаныс құралдарымен қам­та­масыз ететін 300-ге тарта отан­­дық кәсіпорын бар. Бұл ұжым­­дар да мұнайшылардың кез келген мерекелік іс-шара­ла­­ры­на қатысып, қуаныш­та­ры­мен ортақтасып отырады. Ком­панияның 50 миллион тонна қара алтын өндіруіне ар­нал­ған жиынын да серіктес, енші­лес ком­пания қызметкерлері қа­ты­с­тырылды. Өйткені 50 мил­лион тонна ауыз толтырып ай­ту­ға бо­ларлық көрсеткіш. Маңыз­ды іс, компанияның бағындырған бір биік белесі. Алда жылдық жоспарды орындауда осынау ұжымдармен бірлесіп отырып көптеген ауқымды жұмыстарды атқарып, жетістіктерге жету жос­парда бар.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,
«Егемен Қазақстан»